Республика күні – ел тарихындағы маңызды бетбұрыс. Ол тек мереке емес, біздің егемендігімізді, еркіндігімізді және ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін күн. Бұл күн бізді мақтаныш сезіміне бөлеумен қатар, елдің болашағы үшін жауапкершілік сезінуге де шақырады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Бейнеу лицейі» КММ-де 25 қазан – Республика күніне арналған іс–шара жоспарына сәйкес педагог-психолог Камшат Алдабергенова, кәсіби бағдар беруші Гулайым Умбетова, педагог-ұйымдастырушы Тимур Байтугелов ұйымдастыруымен “Егемендік – ел бақыты” атты мектеп бітіруші түлектермен кәсіби бағдар беру жобасында танымдық кездесу өтті.
Өмірлік мақсат-мұраттарға жетуде жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру, мамандық таңдауда жол көрсетуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның ара жігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге бағыт беру, танымдық қабілетін, өз ойын шебер жеткізе білуге дағдыландыру мақсатында өткен кездесуге мектебіміздің ардагер ұстаздары Орынбасар Меденов ағай және Рустембекова Мнера апайымыз кейінгі буынға оқу орындары мен сұранысқа ие мамандықтарды дұрыс таңдау жөнінде өздерінің ой-пікірлерімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін берді.
Ардагер ұстаздарымыз Орынбасар Меденов ағай және Рустембекова Мнера апайымызды мектебіміздің директоры Гулраушан Азанова 25 қазан – Республика күнімен құттықтап, алғыс хат табыстады.
Кездесу барысында оқушылар өздеріне қажетті көп ақпарат алып, алдыңғы толқын аға буынға ризашылығын білдірді.