Жаһандану заманында еліміздегі қызметтер нарығының кеңеюі үнемі жаңа мамандықтарға сұраныс туғызуда. Біздің елімізде мамандық таңдау мәселелерін шешуге әрқашан үлкен көңіл бөлінді. Дамудың қазіргі кезеңінде бұл мәселе тиімді шешілмейді, өйткені қаржыландырудың жетіспеушілігінен кәсіптік бағдар беру жұмысының көптеген практикалық бағыттары дами алмайды.
Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Бейнеу лицейі» КММ-де Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 30 шілдедегі №194 бұйрығы негізінде біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде “Еңбегі адал жас өрен” жобасы аясында ағылшын тілі пәні мұғалімі Бөлебаев Бекзат және педагог-ұйымдастырушы Байтугелов Тимурдың ұйымдастыруымен білім алушылар “Атамекен” ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған “Жас кәсіпкер” жобасында оқып, қайтарымсыз грант ұтып алған ауданымыздың жас кәсіпкері Сулеимен Сериковтың “Шұғыла” жиһаз жасайтын цехына және аудан бойынша кәсіпкерлерге қызмет көрсететін “Nurzhigit consulting” орталығына экскурсия жасады.
Оқушыларды мамандық таңдауға , мектеп қабырғасында жүргенде болашақ мамандығын айқындау мақсатында Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Бейнеу лицейі» коммуналдық мемелекеттік мекемесінің білім алушылары жауапты мамандармен сұқбаттасып, оқушылар өз ойларында жүрген сан сауалдарына жауап алып, мекеме кешендерін аралатып түсіндіріп бағыт бағдар берді.
Мақсаты: білім алушылардың кәсіптік дүниетанымын кеңейту, білім алушыларға нарық талаптарына сай өз қалаулары бойынша мамандық таңдауға жол көрсету.
#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#gani_beisembayev
#medetbekovameruert
#өзін_өзі_басқару
#Еңбегіадалжасөрен
#кәсібибағдарберу
#ganibeismbayev
#mangystau_obl_bilim_baskarmasy
#mangystau_obl_adistemelik
#Бейнеулицейі