Skip to content

“Жұмысшы мамандықтар жылы”бойынша өткізілген “Кәсіби таңдауым – өмірлік қалауым” атты мамандық иелерімен кездесу кеші

Мамандық таңдау – тек оқу мен диплом алу ғана емес, бұл – өз өмір жолыңды дұрыс таңдау. Сондықтан болашаққа қадам басар кезде талапкердің де, ата-ананың да «жеті рет өлшеп, бір рет кескені» абзал. Десек те, ол кейде біздің айтқанымыздай бола бермейді. Кейде ЖОО бітірген жастарымыздың өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға қызығушылық танытпауының өзі сондықтан. Шынайы көзқараспен қарайтын болсақ, дұрыс таңдалған мамандық иесі қашанда өз ісінің шебері, әрі білгірі болып, қашанда сұранысқа ие болып жатады. Ол өз таңдаған бағытын жақсы көріп, сол саланың мақтанышына айнала алады.

Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Бейнеу лицейі» КММ-де Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 30 шілдедегі №194 бұйрығы негізінде біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде “Еңбегі адал жас өрен” жобасы аясында кәсіби бағдар беруші Гүлбану Төлеуованың ұйымдастыруымен “Кәсіби таңдауым – өмірлік қалауым” атты мамандық иелерімен кездесу кеші өтті.

Кездесу кешіне ҚР қолөнер шеберлер одағының мүшесі, «Өмір» зергерлік шеберханасының бас шебері, зергер Өмір Төремұрат, Бейнеу аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау капитаны Базарбаев Абай Мұхтарұлы, аудандық аурухана дәрігері Шоңайбаева Назира Оңғарбайқызы келді. Халыққа қалаулы өз ісінің мамандары кеш барысында оқушыларға бағыт-бағдар беріп, мамандық таңдаудан қателеспеу үшін ой саларлық құнды ой пікірлерімен бөлісті.

Адам өміріндегі мамандықтың алатын орны, оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау мақсатында өткен кеште кәсіби бағдар беруші Гүлбану Төлеуова «Болашаққа бір қадам» тақырыбындағы баяндама оқыды.

#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#gani_beisembayev
#medetbekovameruert
#өзін_өзі_басқару
#Еңбегіадалжасөрен
#кәсібибағдарберу
#ganibeismbayev
#mangystau_obl_bilim_baskarmasy
#mangystau_obl_adistemelik
#Бейнеулицейі

💼👨🏻‍🏭👨🏻‍🔧👨🏻‍🍳МАМАНДЫҚ ӨКІЛДЕРІМЕН СҰХБАТ💼👨🏻‍🏭👨🏻‍🔧👨🏻‍🍳

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *