Skip to content

Еңбек күні

25 қыркүйек Қазақстанда Еңбек күні атап өтіледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында кәсіби маманның қадірін білу керек екенін, еңбекқор адам мемлекетті дамытатынын баса айтты.

«Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады»,- деп атап өтті. Президент Ұлттық құрылтайда және «Жастар рухының» съезінде сөйлеген сөзінде.

“Жұмысшы мамандықтар жылы” бойынша осы мереке қарсаңында Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің “Бейнеу лицейі” КММ оқушылары Бейнеу ауылындағы атадан балаға мирас болған қазақ халқының дәстүрлі зергерлік өнерімен айналысатын Өміровтер әулетінің шеберханасына экскурсия жасап келді.

Бүгінде зейнет жасына шыққан отағасы Өміров Өтепқали – алтын мен күмістен түрлі зергерлік бұйымдарды соғу өнерін, мүсін, көркемсурет және сөз өнерін насихаттап келеді. Жұбайы Айнахан Есетова – журналист, ақын-жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.

Өміров Өтепқали зергерлік саланы кәсіп ретінде ғана емес, кәсіби түрде меңгеріп, ұлдары Төлеген мен Төремұрат Өмір және кенжесі Гүлкенжеге атадан балаға жалғасқан өнердің тізбегін үзбей үйретіп келеді. Артынан ерген ұл-қыздары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері. Бейнеудегі шағын шеберханада әкесі мен ұлдары әр түрлі нақышта зергерлік бұйымдар соқса, кенже қызы қазақтың көркем тоқымасымен айналысады.

Өзіндік құпиясы бар және әдістерімен ерекшеленетін «ӨМІR JEWELRY» белгісімен танымал шеберлерден құралған отбасының мақсаты саф өнерді одан әрі дамытып, әлемдік сұранысқа ие болатын дүниелерді өндіру болмақ.

Мемлекет басшысы қарапайым еңбек адамына құрмет көрсету керектігін ұдайы айтып келеді. Қоғамда еңбек адамдары ұлықталып, адал кәсіп иелерінің еңбектері мемлекет тарапынан елене берсін.

Еңбектеріңіз жемісті, кәсіптеріңіз табысты болғай! Әр шаңыраққа шаттық, бақ-береке тілейміз!!!

#Біртұтас_тәрбие

#oqu_agartu_ministrligi

#gani_beisembayev

#medetbekovameruert

#өзін_өзі_басқару

#еңбеккүні

#Еңбегіадалжасөрен

#кәсібибағдарберу

#ganibeismbayev

#mangystau_obl_bilim_baskarmasy

#mangystau_obl_adistemelik

#Бейнеулицейі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *