Skip to content

Ақпарлама

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 30 шілдедегі №194 бұйрығы негізінде біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Бейнеу Лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Оқуға құштар мектеп»  және «Балалар кітапханасы» жобасы негізінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Бітібаева Қанипа Омарғалиқызының туғанына 80 жыл толуына орай кітапханашы Роза Еркебаеваның ұйымдастыруымен READx форматында «Менің сүйікті кітабым» атты бірнеше кітапқа оқырман қызығушылығын ояту мақсатында  жарнама жасалды.
Қатысушылар өз оқыған кітаптарының қысқаша мазмұнын айтып, оның қоғамға берер пайдалы тұстарына тоқталып, мысалдар мен салыстыра отырып оқырмандарға жеткізе білді. Тыңдаушылар сұрақ қойып, «Оқимын» және «Ойланамын» деген смайликпен бағалады. Шығармалар тыңдаушыларды шабыттандырып, кітап оқуға деген ынтасын арттырды деп ойлаймыз.

                                                            Кітапханашы:                                   Р.Еркебаева

https://www.instagram.com/reel/DHl9HNztKaG/?utm_source=ig_web_button_share_sheet&igsh=ZDNlZDc0MzIxNw==

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *