Skip to content

Ақпарлама

Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды.

Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Бейнеу лицейі» КММ-де Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған кітапханашы Роза Еркебаеваның ұйымдастыруымен «Қазақстанның бірлігі- халықтар достығында!» республикалық кітап көрмесі өтті.

Кітапханашы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстанда тұратын барлық этностарды біріктіретін бірегей институт болып табылатынын және бүгінде елімізде азаматтар үшін өз мәдениетін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтау үшін барлық жағдайлар мен тең мүмкіндіктер жасалғанын атап өтті.

Кітапханашы:                                          Р.Еркебаева

https://www.instagram.com/reel/DHQRObOteBj/?igsh=MWh6dThra29ybnZhZg==

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *