Skip to content

Ақпарлама

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 30 шілдедегі №194 бұйрығы негізінде біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Бейнеу Лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде көктемгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында және “Балалар кітапханасы” жобасы негізінде кітапханашы Роза Еркебаева, орыс тілі пәні мұғалімі Ережепова Ақсәуле және биология пәні мұғалімі Утепова Гүлнардың ұйымдастыруымен “Рауан” газетінің редакторы, зейнеткер, өңірге белгілі ақын-жазушы Ходжаев Қартбай Назарұлымен кездесу өтті.

💠Әдеби-сазды кездесу кеші оқушылардың жас ақынмен сырласу сәтіне ұласып, ерекше сезімде тарқасты. Әдеби кеште талапкер 5-10 сынып білім алушылары қаламгерге шығармашылық жолдағы жетістіктері мен жоспарлары туралы сұрақ қойып, жауап алды. Іс-шара соңында мектеп директоры Гулраушан Азанова сөз сөйлеп, кездесуге арнайы уақыт бөліп келген ақынға рақметін айтып, шығармашылық сәттіліктер тіледі. Өз кезегінде Ходжаев Қартбай ақын іс-шараны ұйымдастырушыларға және оқушыларға шынайы ризашылығын білдірді.

Кітапханашы:                                     Р.Еркебаева

https://www.instagram.com/reel/DH1MbS-A-R0/?igsh=bnNwcTM5MXB4Z3Jj

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *