Skip to content

Ақпарлама

        Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 30 шілдедегі №194 бұйрығы негізінде біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Бейнеу Лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде көктемгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында және “Балалар кітапханасы” жобасы негізінде кітапханашы Роза Еркебаеваның ұйымдастыруымен білім алушылар арасында «Менің сүйікті кітабым» атты челлендж өтті.

          Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Бейнеу Лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 7 “Ә” сынып білім алушысы Иса Ақниет өзінің сүйікті шығармаларымен бөлісіп, кейіпкерлері туралы әңгімелеп, қызықты пікір алмасты. Осындай шаралар кітап оқуға деген сүйіспеншілікті оятып, жаңа әдебиеттермен танысуға мүмкіндік береді.

                                                             Кітапханашы:                                  Р.Еркебаева

https://www.instagram.com/reel/DHl98gWtwy2/?igsh=dDUycmo3anFuanl4

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *