💐💐💐ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ💐💐💐
2024 жылдың 20 желтоқсан күні Бейнеу аудандық білім бөлімі мен оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай, ұлағатты ұстаз, марқұм Малбасов Молдаш Сұлтанғалиұлын еске алу мақсатындағы дәстүрлі әскери-патриоттық турнирі өтті. Жарысқа 21 мектеп және колледж командалары қатысып бақтарын сынады.
📜Аталған турнирде Маңғыстау облысы білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Бейнеу лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 10-11 сынып білім алушылары қатысып, командалық есепте 🏆🥈 ІІ орынды жеңіп алды. 11 “А” сынып білім алушысы Ислам Нұршайх кермеге тартылудан аудан мектептері және колледж командалары арасынан 🏆🥇 І орын алып, оза шапты. Жетекшісі АӘжТД пән мұғалімі Шекебаев Естай


