16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні туралы өскелең ұрпаққа өнегелі ғылыми-танымдық мәлімет беріп, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Ата-баба аңсаған асқақ арманның орындалғанына биыл 33 жыл толды. Тарих тұрғысынан алғанда бұл қас қағым сәт болуы мүмкін. Бірақ осы аралықта егемен ел ретінде атқарылған істер аз емес. Міне осы Тәуелсіздік – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы.
Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Бейнеу лицейі» КММ-де 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай “Тұғыры биік – Тәуелсіздік” атты мерекелік іс-шаралар және тарих апталығының жоспары негізінде, мектебіміздің білім алушыларына тарих пәнінің мұғалімі Рахат Тәжидің ұйымдастыруымен «Әсерлі әңгіме» атты танымдық кездесу болып өтті.
Кездесу кешімізге арнайы шақырылған құрметті қонағымыз Маңғыстаудың ақын-жазушысы, өлкетанушы Сәрсен Қадыр ағамыз болды. Аталған қонағымыз Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Бейнеу лицейі» КММ білім алушылармен ел тәуелсіздігі, тәуелсіздікке жету жолындағы маңызды ақпараттармен бөлісті.