2025 жылдың 20 ақпан күні “Үздік мектеп парламенті” республикалық байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Байқауға 10 команда қатысты.
⚜️Байқаудың мақсаты: мектеп парламенттерінің қызметін жандандыру, оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының тиімді жұмыс тәжірибесін анықтау, балалар мен жасөспірімдер қозғалысының қызметін ұйымдастырудың формалары мен әдістерін жетілдіру.
⚜️«Үздік мектеп парламенті» байқауы 4 кезеңнен тұрды:
- Мектеп парламентінің «Біз біргеміз!» шығармашылық презентациясы.
- Мектеп парламентінің «Жылдың үздік жобасы» презентациясын қорғау.
- «Шексіз идеялар» бойынша ситуациялық тапсырмалар.
- «Шығармашылықпен басқару» үй тапсырмасы.
⚜️Нәтижесінде, Бейнеу лицейінің білім алушыларынан құралған «Орда» командасы жүлделі II орынмен марапатталды.

