📘2025 жылдың 14 ақпан күні «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының аудандық кезеңі өткізілді. Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту, балаларды қосымша біліммен қамту мақсатында ұйымдастырылған форумға 3 аталым бойынша 18 оқушы қатысты.
Қазылар алқасы қатысушылардың жұмысын саралап, нәтижесінде:🥇орын «Мен мамандықты … таңдаймын» аталымы бойынша 10 “А” сынып оқушысы Амантай Аиза, жетекшісі – орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бибигуль Изтлеуова;
🏆Облыстық кезеңге жолдама алған Аизаға сәттілік тілейміз!!!

