Skip to content

ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫС

Жаһандану заманында еліміздегі қызметтер нарығының кеңеюі үнемі жаңа мамандықтарға сұраныс туғызуда. Біздің елімізде мамандық таңдау мәселелерін шешуге әрқашан үлкен көңіл бөлінді. Дамудың қазіргі кезеңінде бұл мәселе тиімді шешілмейді, өйткені қаржыландырудың жетіспеушілігінен кәсіптік бағдар беру жұмысының көптеген практикалық бағыттары дами алмайды.

Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, оқушының өзінің бейімділігі мен белгілі бір қызмет түріне қабілеттілігін түсінуіне кеңес беру, кәсіпті игеру бойынша білім, білік пен дағдыларды алу көздері мен құралдары туралы қажетті ақпарат беру – мектептің барлық педагогикалық ұжымының тікелей міндеті.

Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Бейнеу лицейі» КММ-де қысқы демалыс уақытында оқушылардың демалыс уақытын тиімді өткізу мақсатында және Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 30 шілдедегі №194 бұйрығы негізінде біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде “Еңбегі адал жас өрен” жобасы аясында ағылшын тілі пәні мұғалімі Бөлебаев Бекзат және педагог-ұйымдастырушы Байтугелов Тимурдың ұйымдастыруымен өрт сөндіру бөліміне барып, кәсіби өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қызметімен танысты. Балаларға өрт сөндірушілердің тәулік бойы кезекшілік ету жағдайлары көрсетілді, өрт техникасының, жауынгерлік киімнің мүмкіндіктері туралы айтылды. Сонымен қатар, оқушыларға «101» және «112» құтқару нөмірлері туралы еске салынды, сондай-ақ бұл телефондармен ойнауға болмайтынын ескертті.

Оқушыларды мамандық таңдауға , мектеп қабырғасында жүргенде болашақ мамандығын айқындау мақсатында Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Бейнеу лицейі» коммуналдық мемелекеттік мекемесінің білім алушылары «Бейнеу РЭС» мекемесіне барып, жауапты мамандармен сұқбаттасып, оқушылар өз ойларында жүрген сан сауалдарына жауап алып, мекеме кешендерін аралатып түсіндіріп бағыт бағдар берді.

#Біртұтас_тәрбие

#oqu_agartu_ministrligi

#gani_beisembayev

#medetbekovameruert

#өзін_өзі_басқару

#қысқыдемалыс

#Еңбегіадалжасөрен

#кәсібибағдарберу

#ganibeismbayev

#mangystau_obl_bilim_baskarmasy

#mangystau_obl_adistemelik

#Бейнеулицейі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *